
«Театр ғажайыптары»
Балабақшамызда «Театр ғажайыптары» тақырыбында ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
Театр – баланың қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін шыңдайтын, сөздік қорын молайтып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыратын тәрбиенің маңызды құралы. Іс-шара барысында бүлдіршіндер түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, өз өнерлерін әсерлі сахналады. Олар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, актерлік шеберліктерін көрсетті.
Осындай театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың шығармашылық белсенділігі, өзіне деген сенімділігі және сахна мәдениеті қалыптасады.
Бүлдіршіндерімізге жарқын өнерлері үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз!
#ТеатрҒажайыптары #Балабақша #ТеатрАпталығы #Шығармашылық #Бүлдіршіндер #МектепкеДейінгіБілім #ӨнерӘлемі
